Көмек
Оқу мен оқытуды қолдау
НУ Кітапханасының Оқу мен оқытуды қолдау кеңсесі 2023 жылы Ақпараттық-библиографиялық кеңсенің функцияларын кеңейте отырып құрылды.

Оқу мен оқытуды қолдау бойынша кітапханашылар ақпараттық сауаттылық бағдарламалары, сессиялар мен консультациялар арқылы студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ, курстарға арналған ресурстарды таңдауға, сатып алуға және дамытуға көмектеседі.
  • Кітапхана студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында келесі қызметтерді ұсынады:
    • ақпараттық сауаттылық бағдарламасы, ашық және оқытушылардың сұранысы бойынша сессиялар;
    • сессиялар кітапханада, сабақтарда, сондай-ақ онлайн режимінде өткізіледі;
    • кітапханашылар сұраныс бойынша студенттерге, оқытушыларға және зерттеушілерге кеңес береді.
  • Кітапхана оқу ресурстарына қолжетімдікті қамтамасыз етеді
    • «Курстар бойынша материалдар» және «Кітаптар мен ресурстарды ұсыну» қызметтері арқылы оқу материалдарымен қамтамасыз етеді.
    • Оқу мен зерттеуге қажетті ресурстарды анықтайды, таңдайды және сатып алады.
    • Пәндік және тақырыптық оқу құралдарын, сонымен қатар курстық көмекші материалдарды әзірлейді.
  • Пәндік кітапханашылар
    Кітапхана оқу және зерттеу қажеттіліктеріңізге сәйкес қолдау көрсету мақсатында сізді пәндік кітапханашымен кездесуге шақырады.

    Пәндік кітапханашылар келесі қызметтерді көрсетеді:
    • Кітапхана қорына пәндер бойынша жаңа материалдарды таңдау және сатып алу;
    • Курстарға арналған оқулықтарды брондау;
    • Анықтамалық қызмет;
    • Пән бойынша ғылыми көмек;
    • Мәліметтер базасы бойынша нұсқаулық және тағы басқалар.