Кітапхана залдары
Өзіңізге оқу, бірлесіп жұмыс жасау, кездесу немесе демалу үшін ең қолайлы орын таңдаңыз. Кітапхана жеке, топтық, бірлескен және тыныш кеңістіктерді ұсынады, оның ішінде брондау мүмкіндігі бар және 24/7 қол жетімді бөлмелер.

Егер бөлмеде ереже бұзу әрекетіне куә болсаңыз, біге хабарласуыңызды сұраймыз.
Ережелер
Зал қызметкерлердің балаларымен бірге уақыт өткізуіне арналған және кітапхананың жаңа ғимаратының 1-қабатында, 5e.150 бөлмесінде орналасқан.

Жұмыс уақыты:
Дс–Жм: 9:00–19:00
Сб–Жс: 10:00–18:00
  • Демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін.
  • Кілтті ID картаңызды қалдырып, кітапханашыдан ала аласыз. Ол үшін 2-қабаттағы кітапханашыға жүгініңіз.
  • Балалар ересектердің қарауынсыз қалмауы тиіс.
  • Кітаптарды тіркеу сөресінде немесе өз-өзіне қызмет көрсету станциялары арқылы әдеттегі тәртіппен тіркеуге болады.
  • Қауіпсіздік мақсатында электр розеткаларына қол тигізуге және электр құрылғыларын ажыратуға тыйым салынады.
  • Жиһазды жылжытуға қатаң түрде тыйым салынады. Қажет болған жағдайда кітапханашыға жүгініңіз.

Кітап қоры
Қазіргі таңда қорда ағылшын, қазақ, орыс, қытай, филиппин, неміс және басқа тілдердегі шамамен 1500 атау кітап бар.
Жас ерекшелігі: 3-тен 10 жасқа дейін.