Назарбаев Университеті (НУ) Кітапханасы және Ақпараттық сауаттылық (LILY) бағдарламасы 2018 жылы іске қосылған кезінен бастап университеттің барлық мектептерінде студенттердің табысына қол жеткізуді мақсат еткен қарапайым бастауынан бастау алады. НУ Кітапханасының Ақпараттық сауаттылық бағдарламасының миссиясы – қауымдастықта белсенді түрде өмір бойы білім алатын және сыни ойлайтын тұлғаларды қалыптастыру. Бағдарлама студенттердің қажетті дұрыс ақпаратты іздеу, қол жеткізу, бағалау, қолдану және дереккөзге сілтеме жасау қабілеттерін арттыруға бағытталған.
NU LILY бағдарламасы студенттердің деңгейлерін (мысалы, бастауыш, орта, жоғары) анықтайды және
ACRL Framework for Information Literacy for Higher Education-мен сәйкестендіреді. Бағдарлама нысаналы стандарттарды, білім алушылардың көрсетілген деңгейлерін және оқытудың күтілетін нәтижелерін айқындайды. Сондай-ақ, ол болашақта сабақ жоспарларын әзірлеу және сабақтарды өткізу үшін нұсқаулық ретінде пайдалануға болатын іс-шаралар мен бағалауларды ұсынады.
The CILIP, American Library Association (ALA), халықаралық кәсіби кітапхана қауымдастықтары, кітапхана ісі оқытушылары және тәжірибелі кітапханашылар студенттердің оқуын қолдау үшін ақпараттық сауаттылықты стандартты оқу бағдарламасы ретінде насихаттайды. Ақпараттық сауаттылыққа ие студент ақпаратқа тиімді және нәтижелі қол жеткізе алады, оны сыни және сауатты бағалайды, сонымен қатар оны дәл және шығармашылықпен қолдана алады деп саналады (ALA, 2000).
Оқытушылар мен басқа да қызметкерлер әр модуль бойынша бір-бірден сабақ сұрауға және олардың сабақтарына сай келетін модульдерді таңдауға мүмкіндіктері бар. NU LILY құрылымдық жүйені ұстанғанымен, әр модуль/құрылым шеңберіндегі сабақтар сұранысқа қарай бейімделуі мүмкін. Студенттердің кітапханамен танысуымен бастап, басқа модульдердің көбіне, болмаса барлығына қатысқаны жөн деп есептеледі.
Әр модільдің сипаттамасы төменде көрсетілген. Сипаттама оқудың нәтижелері мен нақты мақсаттар көрсетілген. Қосымша ақпарат алу үшін жауапты
кітапханашыларға хабарласыңыз.