Назарбаев Университетінің Кітапханасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы университет кітапханалары қауымдастығының қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарын, зерттеушілер мен тәжірибешілдерді, сондай-ақ қазіргі уақытта кітапхана және ақпараттану бағдарламасын оқып жатқан немесе жақында ғана бітірген студенттерді 14-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясына (EALC 2026) шын жүректен шақырады. Медициналық, арнайы, қоғамдық және мектеп кітапханаларының өкілдері де қатыса алады.
Ынтымақтастық пен диалогтар құруға баса назар аудара отырып, 2026 жылғы конференция қатысушыларды қауымдастықтар ішіндегі және олардың арасындағы тиімді диалогтарға қатысатын кітапханаларға, олардың әртүрлі контексттердегі интеграциялық рөлін көрсете отырып тануға шақырады. Конференция кітапханалардың рөлін және олардың білімге, зерттеулерге және қоғамға әр түрлі көзқарастар мен қырлардан өсіп келе жатқан ықпалын динамикалық түрде қайта қарауға мүмкіндік береді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.